-
Басты бетЖаңалықтарMORRIS GARAGES жаңа MG ZS кроссоверін ұсынды
1 Желтоқсан 2024
MORRIS GARAGES жаңа MG ZS кроссоверін ұсынды

1 желтоқсанда Ritz-Carlton Almaty-да жаңа MG ZS кроссоверінің тұсаукесері өтті

MG ZS – бұл жоғары өнімділікпен үйлесетін стильді дизайн мен заманауи технологияны ұсынатын тамаша отбасылық кроссовер.
Кез-келген жағдайда жүруге жарамды.
Тұсаукесер ауқымды, балаларға арналған Fashion Show стилінде өтті, оған Алматы қаласының ең танымал отбасылары мен блогерлері қатысты. Ұйымдастырушылар Fashion Bureau және Mulan Модельдік агенттігі болды.
Genertec Vehicles Kazakhstan Бас директоры Cун Сяньхон:
“MG-де біз әрқашан жаңашылдыққа, жайлылық пен стильге ұмтыламыз және бүгінгі іс-шара біздің құндылықтарымыздың айқын көрінісі. Біз сізге озық технологияны, сенімділікті және заманауи дизайнды қамтитын автокөлікті мақтанышпен ұсынамыз”.
MG ZS сәнді дизайнымен назар аударады. Радиатор торы мен легірленген дөңгелектер кроссоверге динамикалық көрініс береді, ал үлкен жарықдиодты оптика кез-келген ауа райы жағдайында жақсы көрінуді қамтамасыз етеді. 360 панорамалық көрініс жүйесі мен тұрақ сенсорлары көлік жүргізуді одан да ыңғайлы етеді.
MG ZS интерьерінде сандық бақылау тақтасы, 12,3 дюймдік мультимедиялық және жоғары сапалы ЭКО былғары төсемі бар. Артқы орындықтардың кең қатары және люкі бар панорамалық шатыр жолаушыларға қолайлы жағдай жасайды.
MG ZS 114 а.к. шығаратын 1,5 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған. Бұл ретте қозғалтқыш пен трансмиссияның ресурсы жоғары. MG ZS жолда жақсы ғана емес, ол сіздің қауіпсіздігіңізге де қамқорлық жасайды – алты қауіпсіздік жастықтары мен интеллектуалды жүргізуші көмекшілері сапарыңызды жаңа деңгейге көтереді.
Бүгінде автомобиль Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістандағы MG Kazakhstan дилерлік орталықтарында ұсынылған.
Mg ZS бағасы 9 990 000 теңгеден басталады. Бірақ алғашқы 60 сатып алушы үшін MG ZS-ті 9 490 000 теңгеге сатып алудың ерекше мүмкіндігі болады.
Бірінші болып MG ZS 2025-ті көріңіз! MG ZS: әрқашан сізбен бірге!